Бүгін елімізде қарлы боран, көктайғақ, қатты жел болады
«Қазгидромет» 11 ақпанға арналған Қазақстан аумағындағы ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады.

Қарағанды облысында қар, бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Қарағандыда түнде және таңертең қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты қар, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавлда қар, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Астанада түнде және таңертең қар жауады, көктайғақ, тұман болады. Бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с
Маңғыстау облысында, Ақтауда көктайғақ болады.
Абай облысында жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Семейде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ болады. Өскеменде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Ұлытау облысында қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Жезқазғанда түнде қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде аздаған қар, түнде жаяу бұрқасын жүреді. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбіне қар), бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады. Жел батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с. Қызылордада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын болады. Кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Жел батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысында жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Түркістанда жауын-шашын, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақыттарда көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шымкентте жауын-шашын жауады. Кей уақыттарда көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Павлодарда жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында күші 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында қар жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Көкшетауда қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауады, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында қар жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с. Таразда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с.
Қостанай облысында қар, бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қостанайда түнде қар, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Алматы облысында оңтүстік-шығыс бағыттан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Қонаевта оңтүстік-шығыс бағыттан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



