Жаңалықтар

Бүгін Екібастұздағы 17 көпқабатты тұрғын үйге жылу беріледі

Бұл туралы ҚР Үкіметінің Telegram-арнасы хабарлады.

«2022 жылғы 30 қарашада таңғы сағат 08.00-де Екібастұздағы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штабтың отырысында қаланың жылу желілеріндегі қазіргі жағдай мен температуралық режимді қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды. 

Бүгін жылу магистраліндегі екі негізгі жарылған жерді қалпына келтіру және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көппәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу жоспарлануда. 

Сағат 9.00-ден бастап қаланың әлеуметтік нысандары тексерілуде. 

Үкімет мүшелері мен жедел штаб қатысушылары Екібастұз қалалық ауруханасында, қабылдау бөлімінде, перзентханада болды. Медициналық мекемелердегі температура 24°C құрайды», – делінген хабарламада. 

Басқа материалдар

Back to top button