Балқаш

Бүгін Балқашта қоғамдық көлік тегін жүреді

ҚР Президент сайлауына орай қала ішіндегі барлық бағыттағы қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қамтамасыз етті. Тұрғындарға ыңғайлы болсын деген ниетпен қала әкімдігі көлік компаниясымен келісімге келген. Бұл туралы Балқаш қаласы әкімдігі хабарлады.

 

Қала әкімі Қайрат Қамзиннің сөзіне қарағанда, өз учаскелері бойынша хабарласқан қарт адамдарға еріктілер арқылы автокөлік жіберіледі.

– Сайлау күні автобус тегін жүреді. Тасымалдаушылар тарапынан халықты әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл сайлаушылардың азаматтық белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді, — дейді шаһар басшысы Қайрат Амангелдіұлы.

Нұрдос КӘРІМ

БАЛҚАШ қаласы

 

Басқа материалдар

Back to top button