Бас тақырып

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамынша, 11 желтоқсанда елдің кей өңірінде тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады, ал кей өңірде аяз болады, деп хабарлайды Ortalyq.kz kazhydromet.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет kazhydromet.kz

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 метрге дейін жетеді.

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші екпіні секундына 15-20, күннің екінші жартысында 23 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, орталықта тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 25 метрге жетеді.

Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 25-27 градусқа дейін қатты аяз болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button