Бүгін Қарағандыда командалық айтыс өтеді
Қарағанды мен Павлодар командалары арасында ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған республикалық командалық айтыс өтеді.
Айтыс 25 сәуір күні сағат 16:00-де Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында өтеді. Кіру тегін.
Ауқымды командалық айтыс былтыр басталған. Бірінші турға 20 команда қатысқан болса, соның ішінен үздік 10 команда іріктеліп, екінші кезеңге жолдама алған. Енді олар еліміздің әртүрлі қалаларында, соның ішінде Қарағандыда өзара бақ сынасуда.
Командалар «сүре», «қайым», «түре» , «жұмбақ айтыс», сондай-ақ жыр, терме, күй және дәстүрлі әндер арқылы өз шеберліктерін көрсетеді.
Бұл кезеңнің қорытындысы бойынша үздік бес команда таңдалады. Солардың төртеуі Астанада өтетін жартылай финалға өтсе, бесінші команда үшінші орынды иеленіп, автоматты түрде жүлдегер атанады. Ал, айтыстың шешуші финалы Ақтау қаласында ұйымдастырылады.
Айтыс өнеріне қызығатындар мен ұлттық мұраны қолдағысы келетіндер үшін бұл ерекше мәдени шара болмақ.
Қосымша ақпаратты (8-7212) 42-50-33, 42-50-95 телефондары арқылы алуға болады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА