Бас тақырыпЖаңалықтар
Бүгін Қарағандыда бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқиды
Бүгін ауа райы жағдайына байланысты бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады.

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті аймақ тұрғындарына желдің 30 м/с-қа дейін күшеюі, қар жаууы және бұрқасын туралы ескертуде.
Түске дейін екінші ауысым оқушыларының қалай оқитыны қосымша хабарланады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.