Бас тақырып

Бүгін Қарағандыда ауа сапасы нашарлайды

Қазгидромет Астана, Алматы және тағы бес қала тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Ortalyq.kz kazhydromet.kz сайтына сілтеме жасап.

Суретті түсірген Турар Казангапов

– 2024 жылғы 18 қазанда Петропавл, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Алматы, Астана қаласында және түнде Қостанайда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button