Бас тақырып

Бүгін – Аналар күні

Бұл мереке Қазақстанда алғаш рет 2023 жылы енгізілген. Содан бері мамыр айының әр екінші жексенбісінде атап өтіледі.

Сурет azattyq-ruhy.kz

Мереке мамыр айының екінші жексенбісінде әлемнің 20-дан астам елінде тойланады. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия және Аустралия бар. Ал бұлардан бөлек елдер бұл мерекені басқа күні атап өтеді.

Бұл мереке — аналарға құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау, махаббатына алғыс айту күні. Отбасылық жылы қарым-қатынас пен мейірімге толы ерекше сәттердің бірі деуге болады.

Аналар күні – жүректегі шексіз сүйіспеншілік пен құрметтің көрінісі. Осы мерекеде барша аналарға зор денсаулық, бақыт, ұзақ өмір тілейміз. Әрбір ана махаббат пен мейірімге, құрмет пен алғысқа бөленсін!

Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Back to top button