Бас тақырыпЖаңалықтар
Бүгін қала әкімнің халықпен кездесуі өтеді
Бүгін Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов қала тұрғындарымен кездеседі.
Қала әкімі мен тұрғындар арасындағы кездесулер бірнеше жылдан бері түрлі форматта өтіп келеді. Енді әкімдік тұрғындардың кездесуге қатысу мүмкіндігін арттыру үшін шараны қаланың әртүрлі аудандарында өткізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі кездесу қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігінде, Тәттімбет көшесі, 709 мекенжайында өтеді. Басталуы сағат 15.00.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.