Бас тақырып
Бүгін аймақта терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Бүгін, 31 наурыз күні сағат 15.00-18.00 аралығында «К.Нұржанов атындағы жеңіл атлетика манежі» (Комиссаров көш. 45А) және «Сары-Арқа 1» стационарлық полиция бекеті» (Жауынгер интернационалистер көшесінде) объектілерінде Қарағанды облыстық жедел штабының терроризм актілеріне жедел әрекет ету шеңберінде терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі.

Аталған объектілер айналасында шектеулер енгізілуі қарастырылады.
Осы ретте, облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы азаматтардан түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауды, үрейге бой алдырмауды, шараға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды және ресми БАҚ ақпараттарына ғана сенуге шақырады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА