Бас тақырып

Бүгін аймақта күн райы бұзылады

Синоптиктер 16 қыркүйекте Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады. Еліміздің төрт өңірінде түнде топырақ беті қатып, үсік жүреді деп болжанады, деп хабарлайды Ortalyq.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет pixabay

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Шымкент пен Түркістанда да төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button