Бас тақырып

Бұдан былай «Шұбаркөл көмір» АҚ-ы жекелеп сатып алушыларға көмір саудаламайды

Қарағандыда көмір тапшылығы жоқ. Сұранысты толық жабатын мүмкіндік баршылық. Оған қоса, бұдан былай «Шұбаркөл көмір» АҚ-ы жекелеп сатып алушыларға көмір саудаламайды. Оған компания тарапынан тыйым салынды. Тек бір ғана оператор анықталған. Ол – «Көмір гарант» ЖШС.

 

Енді «Шұбаркөлдің» көміріне жылдағыдай тәуліктеп кезек күткен, жан-жақтан келетін алыпсатардың жолы кесілді. Компания басшылығының мәлімдеуінше, бұл көмірдің қаттығы мен ел ішіндегі жылда туындайтын дүрбелеңді жояды.

Елдің есінде болса, былтыр «Шұбаркөл көміріне» кезек күткен жүк көлігінің саны 400-ге жуықтап, олар үш тәулік сол арада түнеген еді.

Қызғалдақ АЙТЖАН,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button