АймақБұқар жырау

Бұқаржыраулықтардың бірлігі бекем

Бұқар жырау ауданында да қаншама ұлттар мен ұлыстардың өкілдері қоян-қолтық еңбек етіп, тату-тәтті өмір сүруде. Олар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні тағы бас қосып, аудандық Мәдениет үйінде өткізілген «Татулығын жырға қосам ұлттардың!» әдеби-сазды бағдарламасын көріп, тамашалады.

Суреттерді түсірген Жанұзақ Макишев

Мұнда сонымен қатар қазақ ұлттық мәдени бұрышы мен этномәдени бірлестіктердің фотокөрмесі қойылды.

Мереке «Бірлігіміз жарасқан» фестиваліне жалғасып, соңында барлық қатысушыларға диплом, ақшалай сыйлықтар табысталды.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button