АймақБұқар жырау
Бұқаржыраулықтар сенбілікке бір кісідей қатысты
Бүгінгі жарияланған облыстық сенбілікке Бұқар жырау ауданының тұрғындары мен осындағы 150 еңбек ұжымының мүшелері, барлығы 1500-дей адам, бір кісідей қатысты.

Олар бұл күні өңір елді мекендерінің көшелері мен аулаларын, бақтар мен спорт алаңдарын қыстан қалған қоқыс қалдықтарынан тазартып, ағаштардың басын қырқып, түптерін әктеді.

Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын да “Аманат” партиясы аудандық бөлімшесі ғимаратының маңында партияның Жастар қанаты өкілдерімен кездесіп, сол төңіректі бірге жинасты.

Бұқар жырау ауданында өткен облыстық сенбілік қорытындысында 35 гектар аумақ қоқыстан арылтылып, оның 150 тоннасы сыртқа тасып шығарылып, рұқсат етілмеген жерлердегі 25 қоқыс үйіндісі жойылды.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы



