АймақБұқар жырау

Бұқар жырау тұрғындары да белсенді

«Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде Бұқар жырау ауданында да 8 сәуір мен 3 маусым аралығында елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандырудың, санитарлық тазалаудың екіайлығы жарияланған болатын. Міне,ол басталғаннан бері, яғни бүгінді қоса алғанда, күн сайын сенбіліктер өткізіліп келеді.

Суреттерді түсірген Д.Торжанов

Осы уақыт ішінде оларға 210 ұйым мен мекемеден 2100 адам белсене қатысып, 34 арнайы техника жұмылдырылуда. Соның нәтижесінде қазірге дейін аудан бойынша 800 тонна қоқыс сыртқа шығарылып, 760 аула мен 110 гектар жер аумағы тазартылып, 9 бейресми қоқыс үйінділері жойылып, 57 ескертпе жасалды.

Сондай-ақ жарық бағаналары түзетіліп, қоқыс полигондарына баратын жолдар аршылды.

Ержан ИМАШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button