АймақБас тақырыпБасты тақырыпБұқар жырауСпорт
		
	
	
Қарағандылық Ерқанат Молдағұлов – қазақ күресінен Азия чемпионы
Түркістанда өткен ересектер арасындағы қазақ күресінен Азия чемпионатында Бұқар жырау ауданының спортшысы Ерқанат Молдағұлов 100 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Ortalyq.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Ботақара кентінің тумасы Ерқанат алғаш рет құрлықтық деңгейдегі додаға қатысып, Өзбекстан, Үндістан, Қырғызстан және Иран балуандарын жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Спортшының айтуынша, жеңісіне табандылық пен бапкерлерінің қолдауы себеп болған. Ерқанатты жарысқа Мақсат және Бекзат Ахметбековтер, Абай Үмітбаев пен Ерлан Саитов дайындаған.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



