АймақБұқар жырау
Бұқаржыраулық ардагер балуандар ерледі
Қазақ күресі бойынша 7-9 сәуір күндері ардагер балуандар арасында Түркістан қаласында өткен Қазақстан чемпионатында бұқаржыраулық балуандар ерледі.

Осы республикалық сында 66 кг. салмақта белдескен 57 жастағы Қабдеш Дүйсеков 1-орыннан көрініп, Ел чемпионы атанса, 74 кг, салмақта кілемге шыққан 61 жастағы Еркін Үмітбаев 3-орын алып, қола жүлдені иеленді.
Бұл екі ардагер балуан да Бұқар жырау ауданында қазақ күресінің дамуына үлес қосып, жас балуандарды жаттықтырып, тәрбиелеп, оларға үлгі болып жүрген азаматтар.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы



