Ресми

Көмір арзан, бірақ бұқара әлі бейқам

Облыс басшылығы тұрғындарды қыстың қамын жаз ойлап, көмірді ертерек сатып алуға шақырды. Бұл – қыс түскенде көмір сататын орындардағы ұзын-сонар кезек пен қарбаласты болдыр мау үшін керек. Қарағанды қаласында көмір сататын 20 нүкте бар.

Қарағанды нан комбинатының іргесіндегі «Крылов» сауда нүктесінде 30 мың тоннаға жуық көмір бар. Шахталардан отын тасып жатқан жүк вагондарының жұмысы кестеге сай, еш кедергісіз жүріп жатыр. Бірақ, қақпа алдында жүк көліктерінің кезегі жоқ.

– Бұл – көмір əлі сатылымға шықпай жатыр деген сөз емес. Тек, жұрт əлі бейқам. Көбі қар жауып, қазан ұрғанда ғана қимылдайды, – дейді сауда нүктесінің директоры Владимир Крылов.

Пришахтинскінің түбіндегі «Армандар орындалады» деп аталатын сауда нүктесіне де ат басын бұрдық. Ол жердегі көмір мөлшері 15 мың тоннадан асады. Қамдану шаралары қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Мұнда да моншақтай тізілген жүк көліктері жоқ. Тым-тырыс.

Көмір 1 шахта 8 разрезден жеткізілуде. Құзырлы орындардың мəліметіне сүйенсек, 6 айдың өзінде өндірілген көмір көлемі 50 миллион тоннадан асқан.

– Сондықтан, биыл өңірде қатты отын жеткілікті деуге толықтай негіз бар. Ай сайын қажетті мөлшер жеткізілуде. Осакаровка мен Жарық станциясында қосымша нүктелер ашылды, – дейді облыстық өнеркəсіп жəне индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дарын Бұлқайыр.

Қазақстан бойынша көмірдің ең төмен бағасы біздің облыста екен. Мəселен, сұранысқа ие «Шұбаркөл» көмірінің тоннасы өңірде – 13500 теңге. Сапаға да бақылау орнатылған. Егер алда-жалда сатып алған отыныңыз сапасыз болса, тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне бірден жүгіну керек.

Сағыныш ƏБІЛ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button