Ресми

Бұқара бұйымтайы ескерусіз қалмайды

VI шақырылған облыстық мәслихат депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталуға таяп қалды. Төрт жыл ішінде болған барлық маңызды оқиғаларды атап өтіп, жоспарлағанды жүзеге асқанмен салыстыра отырып, қорытынды жасайтын уақыт келді.

Депутат – өз сайлаушыларымен әрқашан ашық және адал болу жауапкершілігін өз мойнына алған адам. Халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын. Сондықтан, ол өз міндеттері үшін сайлаушылар алдында жауап береді. Облыстық мәслихат сессияларына қатыса отырып, шешімдер қабылдау кезінде әрқашан сайлаушыларымның пікіріне сүйенемін. Оларды Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында халықпен кездесулер өткізу және азаматтарды жеке қабылдау кезінде тыңдаймын. Біздің облыста әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша ағымдағы жылдың 7 айында оң динамика байқалады. Соның ішінде пандемияның әсерін азайту үшін маңызды шаралар қабылданды. Атап айтсақ, аулалар жөнделіп, 237,4 мың шаршы метр жол пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4%ға өсіп, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны артып, 88 мыңнан астам бірлікті құрады, 44 жаңа ірі инвестициялық жоба іске асырылуда, мал шаруашылығы өнімінің өсімі 3,5%-ға ұлғайып, нақты жалақы индексі 111,5% – ды құрады. Қарағанды облысында тұрғындардың өмір сүру сапасы жыл сайын артып, жайлы және қауіпсіз өңірге айналуы үшін үлкен жұмыс жүргізілуде.

Депутаттық қызмет кезеңінде халықпен 52 кездесу өткіздім. Онда партиялық бағдарламалар мен жобалар, Президенттің Қазақстан халқына Жолдаулары, МӘМС енгізу, зейнетақы реформасы және басқа да мәселелер түсіндірілді. Кері байланыс барысында облыстық мәслихат депутаттарының ерекше назарын талап ететін басым бағыттар айқындалды.

Кездесу барысында тұрғындарды көлік, жол жөндеу, жол қозғалысын ұйымдастыру, жол инфрақұрылымын жақсарту, үйлер мен үй аумақтарын абаттандыру мәселелері алаңдататыны белгілі болды. Тұрғын үйкоммуналдық кешен кәсіпорындарының тұтынушылармен өзара қарым-қатынасы, денсаулық сақтау мәселелері, білім беру ұйымдарын (мектептер, балабақшалар, колледждер) материалдық және техникалық қамтамасыз ету мәселелері, халықтың жекелеген санаттары мен топтарын әлеуметтік қолдау шаралары мәселелері толғандыратыны да айқындалды. Әрине, барлық мәселелер жедел ден қоюды және сындарлы шешімдерді талап етеді. Бүгінгі таңда олардың көпшілігі шешіледі немесе орындалу сатысында.

Сайлаушылар депутатты қабылдауға, әдетте, жеке мәселелерімен жүгінеді. Жүз елуден астам өтініштің 80% – ға жуығы сол жерде немесе қысқа мерзімде оң шешімін тапты. Мысалы Теміртау қаласы, Димитров көшесі, 52 мекен-жайы бойынша қурап қалған ағаштарды кесуді ұйымдастыру, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған демалыс кешін өткізу үшін зал ұсыну, Теміртау қаласында алғашқы қалалық сұлулық фестивалін, таланттар мен дизайнерлерді ұйымдастыру мен өткізуге консультациялық және демеушілік көмек көрсету мәселелері шешімін тапты. Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясы шеңберінде материалдық көмек көрсету, колледжде аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жеңілдіктер беру, «Менің үйім» орталығы үшін «Абай» шахтасынан 15 тонна көмір жеткізу және тағы басқа мәселелер назардан тыс қалған жоқ.

Сайлаушылардың ұжымдық өтініштері де болғанын айта кеткен жөн. Мәселен, «Горка Дружбы» шағын ауданының 28 тұрғынынан №23 орта мектепке баратын балалардың қауіпсіздігі мақсатында «Пекин» қонақ үйсауықтыру кешенінің жанында жолдан өтуге мүмкіндік беретін қауіпсіздік белгісін орнату туралы өтініш келіп түсті. Мәселе 2016 жылдың қазан айында оң шешімін тапты. Қаланың 261 тұрғынының өтініші бойынша Пионерская-Луначарский көшелері бойынша жол жабынына күрделі жөндеу жүргізілді. Оң жағалау тұрғындарын газдандыру мәселесі алаңдатқандықтан, олардың ұжымдық өтінішіне жауап ретінде Теміртау қаласы әкімінің атына оң жағалауға газ құбырын жүргізу мерзімі туралы өтініш жолданып, сенімді ақпарат тұрғындардың назарына жеткізілді.

Сайлаушылар тарапынан депутатқа жолданатын барлық мәселелерді тізімдеу мүмкін емес. Солай дегенмен, депутат сайлаушы үшін маңызды мәселені шешуде тиімді көмек көрсете алған кезде, қанағаттану және қуаныш сезімі пайда болары сөзсіз. Сол үшін де басқа да тұрғынға өмір сүру оңайырақ және ыңғайлы болады.

Бүгінгі таңда Серғазы Әдекенов басқаратын Қарағанды облыстық мәслихатының Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесімін. Тұрақты комиссия отырыстарында тұрғындардың мүдделерін қозғайтын проблемалық мәселелер белсенді талқыланады. Оларды шешу жолдары ұсынылып, кейін мәслихат шешімдерінде көрініс табады.

Nur Otan депутаттық фракциясының «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының «әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша ҚР Ұлттық қорынан бөлінетін бюджет қаражаты мен қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау жөніндегі тұрақты комиссиясы үлкен жұмыс атқарды. Осы жылдар ішінде мемлекеттік бағдарлама бойынша Қарағандының оңтүстікшығысында, Сәтбаев, Теміртау қалаларында, Ақтоғай ауданында балабақшалар мен мектептер салынды. Тұрақты комиссия құрылыс барысына жергілікті жерлерге шыға отырып, қырағы бақылауды жүзеге асырды. Бақылау барысында мердігерлер үшін «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асырудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленіп, олар Парламент Мәжілісінің депутаттарына жіберілді.

2017 жылы Қарағанды қаласының көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының құрылысын аяқтау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде «Мемсараптама» РМК-ның Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры А.Бодановқа құрылыс жобасына өзгерістер енгізу жөнінде өтініш жіберілді. Сонымен қатар, «халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және жұмыспен қамту» бағыты бойынша Комиссияның партиялық кураторының жұмысын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңестің, Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің, Нұр Отан партиясы облыстық филиалы жанындағы отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің жұмыс тобының жұмысына, сондай-ақ көптеген қоғамдық ісшараларға қатысуды жүзеге асырдым. Барлық жұмыстар республикалық, облыстық БАҚ-та және әлеуметтік желілерде үнемі жарияланып отырды. Осының бәрін ескере отырып, біраз мәселелер шешімін тапты және пайдалы жұмыс жасалды деп айта аламыз. Алайда, атқарылатын істердің басым көпшілігі болашақтың еншісінде.

Светлана БРАМОНТОВА,

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты.

Басқа материалдар

Back to top button