Аймақ

Бұқараға тарту – спорт кешені

Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, Президент тапсырмасы бойынша Приозерск қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Келер жылы қолданысқа берілетін спорт нысаны қала халқының саламатты өмір салтын ұстануына және бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік береді.

 

 

Заманауи үлгідегі нысандакүніне 519 адам жаттыға алады. Көрермен орнының саны – 210. Жалпы ауданы – 2 441 шаршы метр. Ғимарат екі қабаттан және екі блоктан тұрады. Жоба 2024 жылы толығымен аяқталады.

Қазіргі таңда іргетасы мен 2-қабатының қабырғасы кірпішпен қаланып, толық аяқталды. Кешеннің жобалау құжаттамасына сәйкес, әкімшілік блокта техникалық персоналдарға, медбикелерге, төрешілерге және жаттықтырушыларға арналған бөлмелер, әйел және ерлерге арналған киім ауыстыру бөлмелері, душ, әжетхана, шынықтыру және күту залы қарастырылған.

Мұнда қазақ күресі, дзюдо, самбо, грек-рим күресі, бокс, көркем гимнастика, биіктікке секіру, үстел теннисі, бадминтон, гандбол, баскетбол, футбол және тағы басқа үйірмелер болады.

– Жергілікті спортқа мұндай қолдау – өңірдің ішкі мүмкіндіктерін көрсетіп, спорттағы жетістіктерді еселеуге жол ашады. Бұқаралық дене шынықтыруды одан әрі дамытуға жағдай жасайды. Бұл – әлеуметтік салада жүзеге асып отырған мемлекеттік саясаттың бір айғағы.

Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз. Біз дарынды балалардың кәсіби спортпен айналысып, алаңсыз дайындалуы үшін жағдай жасауды жалғастыра береміз, – дейді Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұртай Стамқұл. ПРИОЗЕРСК

Нұрдос КӘРІМ,
ПРИОЗЕРСК
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button