АймақБұқар жырауЖаңалықтар

Бұқар жырау ауданының жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Бүгін Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінде “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – жастардың таңдауы” тақырыбында құқықтық форум өтіп, оған түрлі сала өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері мен студенттер қатысты.

Сурет форум ұйымдастырушыларынан

Бұл шараның мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтық ұстаным мен әділдікке, парасаттылыққа баулу, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларын қолдау болатын. Жиын барысында оған қатысушылар осы мәселелерді талқылап, өз пікірлерін ортаға салды.

Ал бұл тақырыпта сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу жөніндегі жетекші аудитор Серікжан Байбосынов жастар арасында адалдық пен әділдік құндылықтарын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұсынған комплаенс офицер, тәуелсіз заңгер, ҚР заңгерлер одағының мүшесі Сансызбай Нұрбақыт “Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет–дамыған өркениет белгісі” тақырыбында баяндама жасап, жиын соңында панельдік талқылау өткізіліп, оған қатысушылар парасаттылық пен әділдік құндылықтарын дәріптеу жолдарын талқылады.

Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button