Ресми

Бұқар жырау ауданының жаңа әкімі тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Бұқар жырау ауданының әкімі болып Сұлтанғали Абылай Қайратқалиұлы тағайындалды. 

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, әкім лауазымына кандидатурасын ұсынды. Депутаттар оны қолдады.

Өңір басшысы ауданның жаңа әкімнің алдына бірқатар міндеттер қойды:

– Бірінші кезекте егіс жұмыстарын сәтті жүргізіп, АӨК саласын жақсарту қажет. Бұл ретте мүдделі инвесторлар бар. Сондай-ақ, қаламен көлік қатынасын қамтамасыз ету қажет. Доскей кентінде су құбырының құрылысын аяқтау керек.

Абылай Сұлтанғали 2022 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Осы тағайындауға дейін Бұқар жырау ауданының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button