АймақБас тақырыпБұқар жырау

Бұқар жырау ауданының ауылдары жыл соңына дейін орталық сумен қамтылады

Бұқар жырау ауданын биыл сапалы ауыз сумен қамту бойынша жұмыстар басталып кетті. Қазіргі таңда бес ауылда жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылдың қорытындылары мен биылғы жоспарлар туралы аудан әкімі Ерлан Құсайын Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.

Сурет облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

– Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Бүгінде біздің ауданда халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі 99% -ды құрайды. Мақсат – таяу уақытта көрсеткішті 100% -ға жеткізу. Өткен жылы Ақжар, Астаховка, Доскей, Трудовое, Аюлы, Алабас ауылдарында және Қушоқы кентінде су құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл Ескі Тұзды, Стан және Севан ауылдарында суды тазартудың кешенді блок-модульдері орнатылады. Жаңаауыл және Бірінші Май ауылдарында су құбыры желілері жөнделеді. Осылайша, жыл соңына дейін ауданның барлық елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған, – деді Ерлан Бейсембайұлы.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы да өңірдің инфрақұрылымын жақсартуға көмектесуде. Бұқар жырау ауданының 68 елді мекенінің 46-сы осы жобаға енгізілген. Өткен жылы 19 жоба іске асырылды. Мысалы, Ғабиден Мұстафин ауылында дене шынықтыру-сауықтыру орталығы ашылып, Үштөбе және Доскей ауылдарында клубтар салынды. Сегіз елді мекенде жолдар жөнделді.

Биыл жобаны жүзеге асыру жалғасады. 14 жоба жоспарланған. Олардың қатарында Қушоқы ауылындағы ДСК, Көкпекті ауылындағы клуб құрылысының аяқталуы бар. Жолдарды жөндеу Новоузенка, Жаңаталап, Ақбел, Ақтөбе, Петровка, Центральное, Көкпекті, Атамекен ауылдарында жүргізіледі.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button