АймақБұқар жырау

Бұқар жырау ауданының аналары ардақталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Бұқар жырау аудандық әкімдігінің ғимаратында аудан аналары ардақталды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бұл жиынға шақырылған еңбек ардагерлері мен түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандыларды Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын мерекелерімен құттықтап, әйелдердің қоғамдағы, отбасы мен ел өміріндегі ерекше рөлін атап өтті. Сонымен қатар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдени және қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан 26 қыз-келіншек пен зейнеткер анаға Қарағанды облысының және аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті.

Іс-шара барысында арнайы шақырылған қонақтар қарымта сөз сөйлеп, оларға мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button