АймақБас тақырыпБасты тақырыпБұқар жырауЖаңалықтар

Бұқар жырау ауданындағы әйелдердің арманы кәсіпке айналды

Бұқар жырау ауданында әлеуметтік осал топтарға жататын бес әйелге өз ісін бастау үшін Мансап орталығының гранттары табысталды. Барлық қатысушылар «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен.

Суреттер облыс әкімдігінен

Жеңімпаздар кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне сәйкес анықталды.

Грант иесі атанған көпбалалы ана Әсел Жұмабаева грант қаражатына бөшке-бу (мобильді монша) сатып алып, оны ауыл тұрғындарына жалға бермек. Баймырза ауылынан келген Эльмира Елеуханова  қаражатқа жылыжай салып, көкөніс өсірумен айналыспақ. Тоғызқұдық ауылында тұратын көпбалалы ана Нұргүл Мергенбай қой шаруашылығын дамытуды көздейді. Ал Доскей ауылындағы мүмкіндігі шектеулі баланың анасы Айман Айділдина грант есебінен құрт өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.

– Бұл гранттар – жаңа ісін бастаған кәсіпкерлер үшін өз әлеуетін жүзеге асыруға, өндірісті жолға қойып, дамытуға және тұрақты табыс көзіне қол жеткізуге үлкен мүмкіндік, – деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары Әлия Шайкенова.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button