АймақБас тақырыпҚарағанды

Бұқар жырау ауданында «Пластиксіз өмір сүр» акциясы өтті

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров және Юрий Гагарин атындағы мектептерде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Пластиксіз өмір сүр» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараны «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында аудандық Жастар ресурстық орталығының мамандары ұйымдастырды.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Кездесу барысында оқушыларға пластик қалдықтарының табиғат пен адам денсаулығына тигізетін зияны, күнделікті өмірде пластикті тұтынуды азайту жолдары, қолжетімді экологиялық баламалар және қайта өңдеу ережелері туралы айтылды. Интерактивті тапсырмалар ерекше қызығушылық тудырды: онда оқушылар мектепте және үйде пластикті пайдалануды азайтуға қатысты өз идеяларын ұсынды. Сонымен қатар дүкендерде және тұрғындар арасында шоперлер таратты.

«Бүгін пластиктен бас тарт – ертең өзіңе алғыс айт!» деген акция ұйымдастырушыларының үндеуін оқушылар мен олардың ата-аналары қолдады.

Акцияның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапты көзқарасын қалыптастыру, қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін дамыту және оқушыларды практикалық экологиялық бастамаларға тарту. 

Мұндай кездесулер әр адамның туған өлкенің табиғатын сақтаудағы жеке жауапкершілігін терең түсінуге ықпал етеді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button