Бұқар жырау ауданында 15 медициналық нысан салынады
Алдағы уақытта Бұқар жырау ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жеті ФАП, 4 дәрігерлік амбулатория және 4 медициналық пункт ашылады деп күтілуде. Солардың ішінде Самарқанд ауылында дәрігерлік амбулатория мен Тасауыл ауылында медициналық пункт іске қосылады. Ал, қалғандарында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Келер жылы Ақбел, Байқадам, Белағаш, Құрылыс, Сарыарқа, Сарытөбе, Тұзды ауылдарында жаңа ФАП-тар пайда болады. Гагарин, Тоғызқұдық және Центральный ауылында дәрігерлік амбулатория ашылады. Ал, Ақөре, Красная Нива, Ынтымық ауылында медициналық пункт іске қосылады.
Аталған медициналық мекемелерде физиотерапия кабинеті, дәріханасы бар. Қажетті медициналық құрал-жабдықтармен де толық қамтамасыз етілген.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz