Ресми

Бұқар жырау ауданы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Бұқар жырау ауданына барады. Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу  16 маусым күні 10.00-де Ботақара кентінің Мәдениет үйінде өтеді.  Кездесуден соң жеке қабылдау өтеді.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) (8-72154) 2-11-18 телефоны арқылы және sa.ospanova@karaganda-region.gov. kz электрондық поштасы арқылы қалдыруларыңызға болады.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button