Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінің жарты ғасырлық мерейтойы
Биыл Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінің ашылып, халыққа мәдени және рухани қызмет жасап келе жатқанына да жарты ғасыр толып отыр. Оны бірнеше жылдан бері қазақ тілінде тамаша сөйлеп, тамылжыта ән шырқайтын өнерлі чешен жігіті Қазбек Талашев шығармашылықпен басқарып келеді.


Осы мерейтойға байланысты аталған Мәдениет үйінде аудан бойынша халықтық атағы бар “Дәурен-ай” ардагерлер хоры, “Ботақара баурайында” фольклорлық ансамблі, Доскей ұлт аспаптар оркестрі мен “Эдельвейс” үлгілі би ансамблі өнерпаздары есептік концерт беріп, онда өз репертуарларындағы жаңа музыкалық шығармаларды қалың көпшілікке ұсынды.

Мерейтой салтанаты кезінде Бұқар жырау аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Шәменов пен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мейірлан Қалиев мерейтой иесі–аудандық Мәдениет үйі мен сол күні халықты ән-күймен сусындатып, әсем би, қуанышты көңіл-күй сыйлаған өнер ұжымдарына аудан әкімі Ерлан Құсайынның атынан Алғыс хаттар тапсырды
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы



