Жаңалықтар

Қазыналы Қарағанды

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ
  • 1934 жылы Қарағанды қала мәртебесіне ие болды.
  • 1935 жылы қала халқының саны 135 мыңға жетті.
  • 1935 жылы жалпы көлемі 10906 шаршы метр кірпіш және тас үйлер салынды.
  • 1935 жылы Қарағанды шахталарына электр жүйесі қосылды.
  • 1935 жылы алғашқы кірпіш, әктас зауыттары іске қосылды.
  • 1936 жылы шілдеде Бүкілодақтық Атқару комитеті президиумның қаулысымен Қарағанды қаласы облыс орталығы мәртебесін алды.
  • 1936 жылдан бастап Қарағанды қаласы ұн тарту комбинаты жұмыс істеді.
  • 1937 жылы Қарағанды цемент зауыты іске қосылды.
  • 1938 жылы қалада Киров, Ленин және Сталин аудандары құрылды.
  • 1939 жылы Қарағандыда «Караганда шахтострой» тресі, қалалық коммуналдық шаруашылық мекемесі, облыстық комплексті ауыл шаруашылық станциясы ұйымдастырылды.
  • 1940 жылғы қаңтарда Қарағанды көмірі тиелген бірінші эшелон Ақмола-Қарталы теміржолы арқылы Магнитогорсккен-металлургия комбинатына жөнелтілді.
  • 1940 жылы Қарағандыда 6 млн. 300 мың тонна көмір өндірілді.
  • 1940 жылы қаланың 30 мектебінде 19 200 бала оқыды.
  • 1940 жылы тамызда ботаникалық бақ ашылды.
  • 1941 жылы Ворошиловградтан эвакуацияланған Пархоменко атындағы машина жасау зауыты іске қосылды.
  • 1942 жылы ақпанда Батыстан көшірілген Артемовск аяқ киім фабрикасының базасында Қарағанды аяқ киім фабрикасы құрылды.
  • 1943 жылы мамырда Қарағанды облыстық ғылыми-техникалық кітапханасы ашылды.
  • 1943 жылы тамызда қалада ақындардың республикалық айтысы ұйымдастырылды.
  • 1946 жылы қалада орталық мәдениет және демалыс паркі ашылды.
  • 1948 жылы облыстық музыкалық мектеп ашылды.
  • 1949 жылғы 2 шілдеде Қарағанды геологиялық басқармасы құрылды.
  • 1949 жылы Қарағанды медицина институты ашылды.
  • 1951 жылғы қарашада Кеншілердің мәдениет сарайы ашылды.
  • 1955 жылы теміржол вокзалы салынды.
  • 1958 жылы Қарағанды телевизия студиясы құрылды.
  • 1958 жылы Шахтер орталық стадионы ашылды.
  • 1966 жылғы 9 маусымда Қарағанды кооператив институты (қазіргі Қарағанды экономикалық университеті) құрылды.
  • 1967 жылы қалада тұңғыш троллейбустар жүрді.
  • 1969 жылғы 14 мамырда Қарағанды қаласының Совет ауданы құрылды.
  • 1970 жылғы 27 тамызда Педагогикалық институттың дене тәрбиесі факультеті негізінде Қарағанды мемлекеттік дене тәрбиесі педагогика институты құрылды (1997 жылы таратылды).
  • 1972 жылғы 25 ақпанда педагогикалық институттың базасында Қарағанды мемлекеттік университеті құрылды, оған 1995 жылы Е.Бөкетов есімі берілді.
  • 1972 жылы КСРО ІІМ жоғары мектебі ашылды.
  • 1972 жылы «Октябрь» (қазіргі «Ақжолтай») спорт сарайы ашылды.
  • 1973 жылы қазанда Қарағанды музыкалық комедия театры ашылды.
  • 1975 жылы Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгер қарағандылықтар мемориалы ашылды.
  • 1979 жылы Баспасөз үйі пайдалануға берілді.
  • 1986 жылы «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясы орыс тілінде жарық көрді.
  • 1988 жылы бейнелеу өнері музейі ашылды.
  • 1989 жылы қала мен облыс тұрғындары ұзақ үзілістен кейін алғаш рет Наурыз мерекесін тойлады.
  • 1990 жылы «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясы қазақ тілінде жарық көрді.
  • 1995 жылы сәуірде Фитохимия институты құрылды.
  • 1999 жылғы 29 тамызда Қарағанды көмірін алғаш тапқан Аппақ Байжановқа ескерткіш қойылды.

Дайындаған:
Рысбала СМАҒҰЛОВА,
ардагер ұстаз

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button