Ресми

Қазыбек би ауданына жаңа әкім тағайындалды

Сурет : Облыс баспасөз қызметінен

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының әкімі лауазымына Нұрлан Болатұлы Рыстин тағайындалды.
Нұрлан Болатұлы – 1983 жылы дүниеге келген, 2 жоғарғы білімі бар. 2004 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2018 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдады. «Саясаттану оқытушысы» және «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша білім алған. Мемлекеттік қызметте 15 жылдан астам жұмыс істейді. 
Еңбек жолын 2004 жылы Қарағанды облысы ішкі саясат департаментінің бас маманы ретінде бастады. 2006 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маман-инспекторы болды. 
2008 жылы Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды, 2010 жылдан бастап, Қарағанды облысы әкімі аппаратының әлеуметтік сала және ішкі саясат секторының меңгерушісі болды. 
2011 жылы Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары және 2014 жылдан бастап Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасын басқарды. 

Басқа материалдар

Back to top button