Азық-түлік бағасы бойынша супермаркеттермен келісім жүргізілді
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру мақсатында «Алып-2008» ЖШС, «Пищеторг» ЖШС, «ЮМА-юг» ЖШС, «Оптимальный» ЖШС, «OSTEN» ЖШС, «Людмила KZ» ЖШС супермаркеттерімен монополияға қарсы комплаенс актілері бойынша келісім жүргізді.
Комплаенс шеңберінде сауда желілері заңнамада рұқсат етілген 15%-дан 10% – ға дейін бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің сауда үстеме бағасын төмендету, ӘМАТ жеткізушілеріне тауарды жеткізу сәтінен бастап 30 күннен кешіктірмей бергені үшін төлем жүргізу туралы ерікті міндеттемелер алды.
2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілермен және көтерме жеткізушілермен 6 комплаенс жасалды.