Бас тақырыпЖаңалықтар

Азия ойындары: Владислав Киреев екінші медаль еншіледі

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында биатлоннан соңғы медальдар сарапқа салынды. Құрамында Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі, теміртаулық Владислав Киреев бар Қазақстан ерлер командасы жалпы есепте Жапония құрамасына есе жіберіп, күміс медальді қанжығаға байлады.

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Бұл қазақстандық биатлоншылардың IX қысқы Азия ойындарындағы төртінші жеңісі.

Бұған дейін жеке жарыста Владислав Киреев чемпион атанса, Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болған болатын.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button