Бас тақырыпЖаңалықтар
Азия чемпионатынан жүлдемен оралды
Күрестен Вьетнамның Бариа-Вунгтау провинциясында өткен Азия чемпионатында қос бірдей жерлесіміз қола жүлдемен оралды. 17-23 жас аралығындағы спортшылар қатысқан байрақты бәсекеде 24 елдің мыңнан астам жас балуаны сайысқа түскен.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше 23 жастан аспаған балуандар арасындағы жарыста қарағандылық Ангелина Первухина 55 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болса, еркін күрестен Ә.Молдағұлова атындағы облыстық олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі Асхаб Хаджиев те 79 келі салмақ дәрежесінде жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлаған.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.