Спорт
Азия чемпионатынан жүлдемен оралды
Бангкок қаласында ересектер арасында кикбоксингтен Азия чемпионаты өтті. Қарағанды облысының атынан барған жерлестер чемпионаттан жүлдемен оралды.
Аталмыш чемпионат қорытындысы бойынша ел қоржынына 36 медаль түскен. Жалпы командалық есеп бойынша ел құрамасы І орынға ие болды. Дүбірлі додадан жүлде салған спортшылардың қатарында қарағандылықтар да бар. Руслан Степанов қарсыластарын жолда қалдырып, турнирдің алтын медалін жеңсе, Әкім Бекболат күміс жүлдегер атанды.