Қазіргі АЭС-тердің Чернобыль мен Фукусимадан айырмашылығы неде?
Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова АЭС-тен шыққан қалдықтардың қалай өңделетінін түсіндірді, деп хабарлайды Ortalyq.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.
– АЭС-тің реакторының сырты бір метр болаттан қапталады. Чернобыль апатынан кейін АЭС салу талаптары күшейтіліп, қауіпсіздік жүйелері жаңартылды. Қазір егер реакторда бір ақау анықталса, радицияны сыртқы шығармайтындар етіп қарастырылған. Екіншіден, реактор қандай қатты жел мен сел болса да сыртқы әсерлерге төтеп бере алады. Ал, АЭС-тен қалған қалдықтары радиациясы төмен, орташа және жоғары деңгейлі деп бөлінеді. Бірақ реакторға жағылған ядролық отынның 5 пайызы ғана жанады. Ал, қалған 95 пайызын қайта өңдеп, пайдалануға болады. Бүгінгі таңда әлемде ядролық қалдықты Ресей мен Франция елдері қайта өндіріп алып отыр. Ал, кейбір мемлекеттер оны көп уақытқа сақтап жатыр. Өйткені жаңа технологиялар мен жаңа мүмкіндіктер ашылу үстінде, – дейді Гүлмира Мұрсалова.
Сарапшы жаңа буынды технологиялардың қалай бақыланатынын атап өтті.
– Чернобылдегі реактор каналды реактор, қазіргі типтегі реакторлардан басқа типке жатады. Ал, Фукусимадағы бір контурлы қайнайтын реактор. Бұл аталған қондырғылардың екеуіде 2 буынға жатады. Қазіргі таңда әлем мемлекеттері салып не қарастырып жатқан технологиялары 3, 3+ буындар. Ол технологиялардың қауіпсіздік жүйелері тарихта болған оқиғаларды ескере отырып, жүйелерін күшейткен. Бүгінгі таңда АЭС қауіпсіздігін халықаралық МАГАТЭ агенттігі ғана емес, бұдан басқа ірілі-ұсақты ұйымдар қадағалайды. МАГАТЭ халықаралық ұйымының арнайы 19 сұрақ қарастырылған құжаты бар. Міне, салатын елдің құрылысы басынан аяғына дейін осы сұрақтар арқылы тексеріліп, зерттеледі, – деді Гүлмира Мұрсалова.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.