Бас тақырыпСпорт

Азиада-2023: Қазақстан медальдар кестесінде қай орында тұр?

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының бесінші жарыс күнінде ел құрамасы еншісінде 22 медаль (3 алтын, 3 күміс, 16 қола) бар. Медальдар кестесінде 12-орыннан 11-орынға көтерілді.

 

Бұл жөнінен Қытай 167 медаль (90 алтын, 51 күміс, 26 қола) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы Оңтүстік Кореяның 86 (24 алтын, 23 күміс, 39 қола), Жапонияның — 78 медалі (18 алтын, 30 күміс, 30 қола) бар.

Алғашқы ондықтағы құрамалар тізімі:

Қытай — 90-51-26 (167)

Оңтүстік Корея — 24-23-39 (86)

Жапония — 18-30-30 (46)

Өзбекстан — 6-10-15 (31)

Үндістан — 6-8-11 (25)

Таиланд — 6-3-9 (18)

Гонконг — 5-12-15 (32)

Тайвань — 4-4-6 (14)

Иран — 3-9-10 (10)

Қазақстан — 3-3-16 (22).

Басқа материалдар

Back to top button