Қазгидромет: «Алдағы үш күнде 25 градусқа дейін аяз болады»
Қазгидромет алдағы 3 күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ortalyq.kz kazhydromet.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазгидрометтің хабарламасында:
– Республиканың барлық дерлік аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады. Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болжанады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қарлы бұрқасын, көктайғақ құбылыстары, елдің басым бөлігінде екпінді жел күтіледі. 12 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 12-13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қалың қар жауады. Ал елдің оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін. Тек батысында, 14 қарашада елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, – делінген.
Сонымен қатар, 20 градусқа дейін аяз болатынын мәлімдеді.
– Батыс облыстарында ауа температурасының түнде 0-11 аяздан 8 градус аяз-3 градус жылуға дейін, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығындағы өңірлерде түнде 8-18-ден 3-15 аязға дейін, күндіз 5-12-ден 0-8 аяз күтіледі. Республиканың шығысында 13 қарашада ауа температурасының түнде 10-25 аязға дейін, күндіз 5-16 аязға дейін төмендейді. 14 қарашада түнде 7-20 аязға дейін, күндіз 2-13 аязға дейін, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендейді деп күтілуде. Түнде 6 градус жылудан – 6 градус аяздан, 1-10 аязға дейін, күндіз 3 градус аяз – 5 градусқа дейін жылынады, – делінген.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.