АймақБас тақырыпҚарағанды

«ҚазАвтоЖол» көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Соңғы уақытта жолаушыларды тасымалдау барысында көлік жүргізушілерінің мобильді құрылғыларға алаңдауы салдарынан жол қауіпсіздігі талаптарының жиі бұзылатыны байқалуда. Бұл – баршаға ортақ қауіп. «ҚазАвтоЖол» компаниясы қауіпсіздік ережелерін еске салып, жүргізушілерге үндеу жасады.  

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

– Жақында Астана-Павлодар бағыты бойынша болған жағдай бірқатар жүргізушінің бірнеше сервиске тіркеліп, қозғалыс кезінде хабарлама жазуға, қосымша тапсырыс қарауға, әлеуметтік желілер мен бейнематериалдарға назар аударуға әуестігі бар екенін көрсетті. Мұндай әрекеттер көлік жүргізуге кедергі келтіріп қана қоймай, жолаушының өміріне тікелей қауіп төндіреді. Бұл – жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі заң талаптарын өрескел бұзу, – деді ҚазАвтоЖол мамандары.

Осыған байланысты төмендегі қағидаларды қатаң сақтауларыңызды сұраймыз:

  1. Көлік жүргізу кезінде телефон қолдануға тыйым салынады. Тек дауыс зорайтқыш арқылы сөйлесу немесе жолдан алаңдатпайтын навигациялық жүйелерді пайдалану рұқсат етіледі.

2. Бірнеше сервисте қатар жұмыс істеу көлік басқару процесіне кедергі келтірмеуі тиіс.

3. Жолаушы ескерту жасаған жағдайда оны құрметпен қабылдап, қауіпсіздікке нұқсан келтіретін әрекеттерді дереу тоқтату қажет.

4. Қағидаларды бұзу айыппұл салуға, сервистен шеттетілуге, сондай-ақ заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

5. Әрбір рейсте басты назар – жолаушының қауіпсіздігі мен көлікті апатсыз басқару.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button