Жаңалықтар

Қазандықтар жөнделеді

    Теміртаудағы «ЖЭО-БАС» және «ЖЭО-2» қайта жөндеуден өтеді. Бүгінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ тапсырысымен жылу орталықтарын жаңғыртудың техникалық-экономикалық негіздемелері әзірленді.

Негіздемелерге сәйкес, жаңғырту жұмыстарына 150 млрд. теңге жұмсалады. Іс-шара шеңберінде 1075 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

ЖЭО-2-дегі құрылысқа 80 млрд. теңгеден астам қаржы салынса, ЖЭО-БАС қазандығын жаңғырту үшін 70 млрд. теңге қарастырылған.

Жоба аясында қазандық агрегаттары мен турбиналы генераторлар ауыс­тырылады. Сонымен қатар, сорғылар, отын беру құрылғылары, электр техникалық құрал-жабдықтар, құбыр бөлігі жетілдіріледі. ЖЭО-БАС қазандығында өндірістік кәріз жүйесіне жаңа тазарту нысаны тұрғызылады. Бұл ауа мен су және топырақ қорларын ластауды болдырмауға мүмкіндік береді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button