Бас тақырып
Қазан айының алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК қазан айының алғашқы күндерінде ауа температурасы бойынша күрт өзгерістер болмайтынын мәлімдеді.
Елімізде қазан айының алғашқы күндерінде ауа райы құбылмалы болады.
Солтүстік-батыс антициклон әсерінен Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс өңірлерде ауа райы құрғақ және шуақты болады.
Республиканың өзге аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Ауа температурасы бойынша күрт өзгерістер болмайды.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.