Жаңалықтар

Азаматтық парызды өтеу маңызды

Үштөбе ауылындағы №498 сайлау учаскесі де таңғы сағат 7:00-ден бастап, сайлаушыларға есігін айқара ашқан. Мұнда елге танымал блогер Айдос Аринов та ел қатарлы келіп, таңдауын жасады.

– Бүгін – еліміз үшін маңызды күн. Президент сайлауы. Сондықтан, таңертең ерте тұрдым. Азаматтық парызымды орындау үшін, осындағы №498 сайлау учаскесіне барып дауыс бердім. Қазақстанның әр азаматы еліміздің болашағы үшін осындай тарихи оқиғаларға қатысып, белсенді болуы керек. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіз мемлекетіміз жасай берсін, – дейді танымал азамат Айдос Аринов.

– Мұнда 10 бақылаушы бар. Барлығы 2589 адам тіркелген болса, қазіргі дейін оның 1646-сы дауыс беріп үлгерді. Елдің көңіл-күйі жақсы. 18 жасқа толған 12 сайлаушы келіп, алғаш рет дауыс берді. Учаскеге басқалардан бірінші келген сайлаушыларға, қарт адамдарға және 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс берген сайлаушыларға естелік сыйлық табысталды. Заң бұзушылық болған жоқ. Мен де өз міндетімді орындап, таңдауымды жасадым, – дейді Үштөбе тірек (ресурстық орталық) мектебінің директоры Сәуле Жақсылыққызы.

Жәлел ШАЛҚАР

 

Басқа материалдар

Back to top button