Бас тақырып
Азаматтардың жеке дерегін сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, қазақстандықтардың жеке мәліметін интернетте заңсыз сатқан қылмыстық топтың жолын кесті.

«Ақпараттар мемлекеттік базадан заңсыз алынған және «Telegram» каналы арқылы таратылған, оның ішінде кейбірі коллекторлық компанияға берілген. 140-тан астам адам, оның ішінде компания иелері мен арна әкімшілері ұсталды. Қазіргі таңда 5 күдікті қамауға алынды. Тінту барысында 400-ден астам компьютерлік және басқа да электрондық техника тәркіленді, – делінген ІІМ хабарламасында.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.