Азаматтарды қабылдады
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов облыс тұрғындарымен, оның ішінде, жыл сайын өтетін есептік кездесуде сұрақ қойғандармен кездесті.
Сол кезде аймақ басшысы көтерілген мәселелерді облыс әкімдігінде өтетін өзінің жеке кездесуінде тағы бір мәрте талқылауға уәде берген болатын. Бүгінгі басқосуда көбінесе тұрғын үй, мешіт құрылысы, кері талап төлемдері және қорық құру мәселелері туралы әңгіме қозғалды.
Евгений Архипов бастаған кері талап қоюшылар тобы әкімнің қабылдауына келіп, өз проблемаларымен бөлісті. Олардың айтуынша, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы сот шешімдерін орындамай және кері талап төлемдерін өтемей жатқанын жекізді.
– Жуырда ғана кеншілердің көтеріліске шығу толқыны өтті, талаптар тізімінде жалақыны көбейту туралы шарт болған еді. Ол айлық көтеру жайты кері талап төлемдерінің де ұлғаюына әсерін беруі керек-тін. Алайда, бізде ешнәрсе өзгерген жоқ, сома сол беті қалып отыр, – деді Евгений Архипов.
Әкімдікте өткен қабылдау барысында айтылған мәліметтерге сай, ондай төлемдерді екі мыңға жуық регрессші кеншілер алуы тиіс. Олардың отызында сот шешімі бар, ол шешімге сай компания бұл сомаларды ұлғайтуы тиіс.
Регрессшілерді тыңдап болған соң, Ерлан Қошанов облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішев бастаған жұмыс тобын құруды тапсырды.
– Екі апта аралығында жұмыс тобы барлық ақпаратты зерттеп шығуы тиіс. Егер сіздердің қолдарыңызда сот шешімі болса, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы оны төлеулері тиіс, – деді аймақ басшысы.
Ақсақал Әбіл Базықов әкімнің қабылдауына Қарағандыда мешіт құрылысына арналған жер телімін беруін өтініп келген екен.
– Қарағандыда үш мешіт қызмет етеді. Олардың екеуі Оңтүстік-Шығыста және біреуі Майқұдықта орналасқан. Бізге тағы бір мешітті қала орталығында немесе Михайловкада салу керек. Алайда, құрылыс үшін алдымен жер телімі бөлінуі қажет, – деп түсіндірді ақсақал.
Қабылдауға қатысқан Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров 2017 жылы Сұрыптау станциясы мен Пришахтинск шағын ауданында мешіт салуға арналған жер телімдері бөлінгенін жеткізді. Сонымен қатар осындай құрылысқа лайық жерлер Михайловкада, хайуанаттар бағының маңайы мен Майқұдықта да бар екенін айтты.
– Егер мешіт салуға дайын демеушілер табылып жатса, біз қажетті жер телімдерін береміз, – деді ақсақалға Ерлан Қошанов.
Ербол Әбілов әкімнің қабылдауында Бұқар Жырау ауданында қорық салу мәселесін көтерді. Ол туристік бағытты дамытуға септігін тигізері хақ. Облыс әкімі бұл мәселені Қарағанды облысының Табиғи ресурстар жіне табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына зерттеуді тапсырды.
Қабылдауға келген қарағандылықтардың қойған барлық сұрақтары бойынша Ерлан Қошанов өз орынбасарлары мен басқарма басшыларына жеке тапсырмалар берді.
Қарағанды облысы әкімінің
баспасөз қызметі.