Қазақтың көне аспаптары
Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп болғаны һақ. Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан, тағы басқа да дыбыс шығаруға мүмкін заттардан қарапайым ән-күй аспаптарын жасап отырған.
Белгілі композитор, академик А. Жұбанов «Халық аспаптарының ішектерінде ғасырлар бойғы даналық тұнып тұр»,– деген еді. Сан ғасырлар бойы қазақ халқының өмірімен біте қайнасып, бірге жасасып келе жатқан мол да, қасиетті де, киелі мұрамыздың үлкен бір тобын ұлттық музыкалық аспаптары құрайды. Бүгін сол аспаптар туралы маржан тергенді жөн көрдік.
Үрмелі аспаптарға – дыбысын үру арқылы шығарылатын аспаптар: сазсырнай, қоссырнай, қамыссырнай, мүйізсырнай, сыбызғы, керней, адырна, ұранды жатқызамыз.
Ішекті аспаптар – дыбысы ішек арқылы шығарылатындар: жетіген, шертер, екі және үш шекті домбыралар, қылқобыз, шаңқобыз немесе шаңқауыз.
Ұрмалы аспаптар – аспапқа тартылған көн арқылы дыбыс шығарылатындарға жататындар: даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, кепшік, шың.
Аспаптың басына тағылған шынжырлар, қоңыраулар арқылы дыбыс шығарылатын тобы асатаяқтың бірнеше түрлері қолданылып келеді.
Маржан терген
Нұрдос КӘРІМ.