Жаңалықтар

Қазақ тазысы халықаралық деңгейде мойындалды

 Қазақ тазысы халықаралық деңгейде мойындалды. «Бұл жетістік – еліміздегі кинологтардың қажырлы еңбегі мен ұлттық мұраға деген құрметінің жемісі. Енді тазы мен төбет тұқымдары әлемдік кинологиялық қауымдастық алдында лайықты бағасын алды» деп хабарлайды Ortalyq.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.


Бүгінде Қазақстан кинологтар одағы ұлттық ит тұқымдарын сақтау мен дамытудың жетекші ұйымдарының бірі саналады. Соңғы жылдары ұйым ауқымды әрі нәтижелі жұмыстар атқарды:

• Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) Қазақстан кинологтар одағын толыққанды мүшелікке қабылдады;
• Қазақ тазысы тұқымын алдын ала халықаралық мойындауға ресми өтінім ұсынылды;
• FCI Бас комитеті қазақ тазысы тұқымын алдын ала мойындау жөнінде тарихи шешім қабылдады.

Бұл – ұлттық ит тұқымдарының әлемдік деңгейде мойындалуы жолындағы маңызды кезең. 2025 жылы Хельсинкиде өткен World Dog Show көрмесінде Қазақ тазысы жоғары марапаттарға ие болып, Қазақстанды халықаралық кинологиялық қауымдастық алдында лайықты деп танылды.

Ұлттық ит тұқымдарын дамыту мен насихаттауға қосқан үлестері үшін бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен және министрлік марапаттарымен құрметтелді. Қазақстан кинологтар одағы алдағы уақытта да қазақ тазысы мен төбетті сақтау, зерттеу және халықаралық деңгейде таныту бағытындағы жұмыстарын жалғастыра бермек.

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button