Қала тазалықшылары «Камаз» көлігімен келіп, дауыс берді
Қарағандыдағы №15 учаскелік бөліміне де сайлаушылар ағыла келуде. Таңғы сағат 7:00-ден өз жұмысын бастаған учаске өкілдерінде тыным жоқ. Тіркелген 1772 дауыс берушілердің 47 пайызы таңдауын жасап үлгерді. Қала тазалығына жауапты «Тазалық Эксперт» ЖШС өкілдері де осы №15 учаскеге жұмыс көліктері «Камазбен» келіп, дауыс берді.
– Біз үшін мемлекет дамуы ең басты орында. Қазір күз айы ағаштардың жапырағы түсіп, түлеген уақыты. Қала ішінің тазалығына жауап берген соң ертемен жұмысқа кірістік. Жұмыс арасында саяси өмірге де өз пікірімізді білдіруге құқылы болғандықтан таңдау жасауға келдік. Тұрғылықты мекеніміз қала маңында болса да, жұмыс арасында бізге бұл мүмкіндікті берген жандарға алғысымыз шексіз, – деді «Тазалық Эксперт» ЖШС өкілі Сара Амильжанова.
Жан АМАНТАЙ,
Ortalyq.kz