Жаңалықтар

Қаза тапқандардың ішінде балалар да бар

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде үш бірдей балаға оқ тиіп, қаза болды. Құрбандар – 11 және 15 жастағы жасөспірімдер, сондай-ақ, басынан оқ жарақатын алған 4 жастағы қыз бала. Бұл туралы Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан САИН мәлімдеді.

5 қаңтарда атыс жарақатынан 11 жасар бала қаза тапты. Қайғылы жағдай бала ата-анасымен көшеде жүргенде болған. Ал, бұдан бір күн бұрын, 15 жастағы жасөспірім жарақат алды. Алматыдағы балалар ауруханаларының біріне жеткізілсе де, дәрігерлер жанын сақтап қала алмаған жасөспірімнің әкесі де ауруханада. Аружан Саиннің айтуынша, бала әкесімен бірге болғанда, олар отырған көлікке оқ жаудырған. Сондай-ақ, 7-қаңтарда төрт жасар қыз бала да оқ тиіп, қайтыс болған. Алматы тұрғынының 4 жасар қызы 6-қаңтар күні кешке ағасымен бірге көлікпен келе жатқанда басына оқ тиіп қаза тапқан. Олар атыс басталған кезде тәртіпсіздік жүріп жатқан алаңдардың бірінен өтіп бара жатқан. Әкесінің айтуынша, көлікте қызынан басқа ағасының тағы екі баласы болған. Екеуі де жарақат алған. Зардап шеккен 9-сынып оқушысы жансақтау бөлімінде екенін де жеткізді.

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 4 жасар баланың оқ тиіп, көз жұмғаны туралы ақпараттың нақтылығын сұрап хабарласқан адамдар көп болды. Сондықтан, мен түрлі ақпарат көздеріне хабарласып, оқиғаның мән-жайын білдім. 7 қаңтар күні Сейфуллин көшесінің бойымен келе жатқан көлікке оқ атылған. Көлікте үлкендермен болған балаға оқ тиіп, көз жұмған. Сондықтан мен барлық ата-аналарға, алматылықтарға барынша сақ болу керектігін ескерткім келеді. Балаларыңызды қараусыз, жалғыз қалдырмаңыздар, – деді Балалар құқығы жөніндегі уәкіл.

Интернет материалдары негізінде дайындаған Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button