Бас тақырып
Қаза тапқан кеншілердің отбасына әлеуметтік көмек толық көрсетіледі
Ұлытау облысы әкімдігі қаза тапқан кеншілердің отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетеді. Бұл туралы өңір басшысы Дастан Рыспеков хабарлады.

«Қазақмыс» компаниясы да опат болғандардың отбасыларына барлық көмек берілетінін жеткізді. Яғни, жұмысшының орташа жалақысының 10 еселенген мөлшерін және жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін 2 миллион теңгеден астам қаражат төленеді.
Сондай-ақ асыраушысынан айырылуы бойынша ай сайынғы төлемдер, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан жұмысшылардың несиесін жабу, отбасы мүшелерінің өтініші бойынша басқа да көмек түрі қарастырылады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz