«Қазақстанның үздік тауары» байқауына іріктеу басталды
Аймақта «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік кезеңі өтпек. Оған ірі компаниялар мен орта және шағын бизнес субъектілері қатыса алады. Бүгінде байқауға өтінімдерді қабылдау басталып кеткен.
Аталмыш байқау «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық үшін үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында өтеді. Конкурс қорытындысы бойынша әр номинациядан үш жеңімпаз анықталып, Астанада өтетін республикалық көрме-конкурсына жолдама беріледі. Облыстық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, қазіргі уақықа дейін 30-ға жуық тауар өндіруші өтініш берген.
Аталмыш конкурсқа өтінім беру 1 шілдеге дейін жалғасады. Өтінімдерді электронды түрде altynsapa.kz сайтына немесе қағаз түрінде почта арқылы жіберуге болады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz